Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешілетінін айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 10:07
- 31
Қазақстанда әлі де 36 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде 27 апатты мектеп бар. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселелерді 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Айқожа Әбсадықов мәлімдеді.
Брифинг барысында үш ауысымды мектептердің басым бөлігі Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланғаны айтылып, аталған өңірлердегі мәселенің нақты қашан шешілетіні сұралды.
Айқожа Әбсадықовтың айтуынша, соңғы жеті жылда елімізде апатты мектептердің саны екі есеге, ал үш ауысымды мектептердің саны бес есеге қысқарған. Осы кезеңде 48 апатты және 133 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілген.
«Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Биыл төрт үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарланған. 2027 жылы екі үш ауысымды және 10 апатты мектептің, 2028 жылы 15 үш ауысымды және тоғыз апатты мектептің мәселесі шешіледі. Ал 2029–2030 жылдары тағы 15 үш ауысымды және төрт апатты мектептің мәселесін шешу көзделіп отыр», – деді Айқожа Әбсадықов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда оқушы мұғалімін балағаттағаны үшін айыппұл арқалады
- авторОймақ
- 19 қараша, 2026





