бейсенбі, 19 қараша, 2026 13:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда оқушы мұғалімін балағаттағаны үшін айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстанда оқушы мұғалімін балағаттағаны үшін айыппұл арқалады
istockphoto.com
Оқиға мән-жайы іс материалдарымен расталған.

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл аудандық соты 17 жастағы оқушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, 2026 жылы 19 қазанда сабақ барысында жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Сот отырысында оқушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, мұғалімнен кешірім сұраған. Оқиға мән-жайы іс материалдарымен расталған.

Айыппұл тағайындау кезінде сот оқушының жасын, кінәсін мойындауын және өкінуін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 66-бабында көзделген кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза қолдану ерекшеліктерін ескерген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар