сенбі, 21 қараша, 2026 14:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жігітті өлтіріп, мәйітті өртеген: Түркістан облысында оқушы қыз сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Жігітті өлтіріп, мәйітті өртеген: Түркістан облысында оқушы қыз сегіз жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөз
Алған жарақаттары салдарынан жәбірленушінің жүрегі мен өкпесі зақымданып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Түркістан облысының Леңгір қаласында 20 жастағы жігітті өлтіріп, кейін мәйітін өртеп жіберген 15 жастағы оқушы қыз 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірім бұл қадамға қарым-қатынасын тоқтатқысы келгендіктен барған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға биыл көктемде болған. 25 мамыр күні Леңгір қаласындағы ескі зауыт маңынан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Көп ұзамай адам өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты аяқтаған жасөспірім қыз ұсталды.

Іс материалдарына сәйкес, қыз жігітпен қарым-қатынасын тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда бозбала оның бұл шешімімен келіспей, кездесуді жалғастыруды талап еткен.

Тергеу барысында жасөспірімнің жігітті Леңгір қаласындағы ескі зауыт аумағына шақырғаны анықталған. Кездесу кезінде ол бір күн бұрын сатып алған пышақпен жігіттің кеуде тұсына бірнеше рет соққы жасаған.

Алған жарақаттары салдарынан жәбірленушінің жүрегі мен өкпесі зақымданып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыс ізін жасыру үшін мәйітті өртеген

Сотта жарияланған мәліметтерге сәйкес, жасөспірім жігіттің қайтыс болғанына көз жеткізгеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін құрылыс материалдары дүкенінен еріткіш сатып алып, зауыт аумағына қайта оралған.

«Жәбірленушінің қайтыс болғанына көз жеткізгеннен кейін сотталушы Леңгір қаласына барып, құрылыс материалдары сатылатын дүкеннен еріткіш сатып алған. Содан соң оқиға орнына қайта оралып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті өртеген. Бірнеше сағаттан кейін достары мен ата-анасына хабарласып, болған жағдайды айтқан», – делінген сот өкілінің түсіндірмесінде.

Қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер ретінде пышақ, еріткіш құтысы, қан іздері бар киімдер мен пайдаланылған майлықтар зерттелген.

Сот қорғау тарапының уәжін қабылдамады

Сот процесінде қорғау тарапы жәбірленушінің қызға қатысты заңсыз әрекет жасауға тырысқанын алға тартқан. Атап айтқанда, кездесу кезінде жігіт жасөспірімді зорламақ болған деген уәж келтірілген.

Алайда сот-медициналық сараптама барысында сотталушының денесінен жарақат іздері анықталмаған. Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, қорғау тарапының бұл уәжін негізсіз деп таныған.

Нәтижесінде сот Елизавета Тенушеваны адам өлтіруге кінәлі деп танып, кәмелетке толмағанын ескере отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар