сейсенбі, 17 қараша, 2026 12:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еуропада 18 мыңнан астам қонақ үй онлайн брондау платформасы Booking-ке қарсы арызға қосылды

Еуропада 18 мыңнан астам қонақ үй онлайн брондау платформасы Booking-ке қарсы  арызға қосылды
istockphoto.com
Алайда сот процесі әзірге платформа клиенттеріне әсер етпейді.

Еуропадағы 18 мыңнан астам қонақ үй онлайн брондау платформасы Booking-ке қарсы ұжымдық талап-арызға қосылды. Қонақ үйлер бәсекелестікті шектегені үшін бірнеше миллиард еуро көлемінде өтемақы талап етіп отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Амстердам округтік сотына Booking онлайн брондау платформасына қарсы ұжымдық талап-арыздың соңғы бөлігі тапсырылды. Сот ісіне барлығы 18 135 еуропалық қонақ үй қосылып, бірнеше миллиард еуро көлемінде өтемақы талап етуде.

Сот дауына қонақ үйлерге өздерінің ресми сайттарында Booking платформасындағыдан төмен баға белгілеуге тыйым салған талаптар себеп болған. Мұндай шектеулер бірнеше ондаған жыл бойы қолданылып келген.

2024 жылы Еуропалық Одақтың Соты мұндай талаптардың ЕО-ның бәсекелестік туралы заңнамасына қайшы келетінін мойындады. Қонақ үй иелерінің айтуынша, осы шектеулер салдарынан олар айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған.

Алайда сот процесі әзірге платформа клиенттеріне әсер етпейді.

BILD басылымына түсініктеме берген адвокат Николь Мутшкенің айтуынша, Booking қонақ үй мен клиент арасындағы делдал ғана. Ал қызмет көрсету туралы келісім тікелей олардың арасында жасалады.

Заңгердің сөзінше, қонақ үй Booking-пен ынтымақтастықты тоқтатқан күннің өзінде бұрын расталған брондау тапсырыстарын орындауға міндетті.

Еске салайық, 2025 жылдың тамызында да Еуропаның 10 мыңнан астам қонақүйі Booking.com платформасына қарсы ұжымдық талап-арызға бірігіп, компанияның әрекеттері салдарынан қаржылық шығынға ұшырағанын мәлімдеген еді.

Талап-арызға 2024 жылы Еуропалық Одақ Сотының Booking.com платформасындағы «ең төмен баға» туралы талаптардың ЕО-ның монополияға қарсы заңнамасын бұзатыны жөніндегі шешімі негіз болған.

Қазір тыйым салынған бұл талаптар қонақүйлердің баға белгілеу еркіндігін шектеп, бәсекелестікті төмендеткен. Атап айтқанда, қонақүйлердің өз сайттарында немесе басқа брондау платформаларында қызметтерін төмен бағамен ұсыну мүмкіндігіне кедергі келтірген.

Талап-арызда 2004-2024 жылдар аралығында қонақүйлер осы әрекеттердің салдарынан едәуір қаржылық шығынға ұшырағаны айтылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар