бейсенбі, 5 қараша, 2026 18:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Sky Sports
"№7 жейдені тапсыратын күн келді".

Португалиялық футболшы, 41 жастағы шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Спортшы қараша айындағы халықаралық матчтардан кейін командамен қоштасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жанкүйерлеріне, бапкерлеріне, командаластарына және отбасына алғыс білдірді.

«№7 жейдені тапсыратын күн келді. Бұл оңай шешім болған жоқ. Кейбір шешімдерді тек ақылмен емес, жүрекпен де қабылдайсың», – деді Роналду.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы 23 жыл ішінде ол 234 матч өткізіп, 146 гол соққан және бұл екі көрсеткіш бойынша да ерлер арасындағы халықаралық футболда абсолютті рекорд орнатты. Сондай-ақ шабуылшы ұлттық құрамамен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, 2019 және 2025 жылдары Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Спортшы үшін голдар мен жүлделерден гөрі ел намысын қорғаудың маңызы әрқашан жоғары болған.

«Өмір бойы әлемнің үздік футболшысы болуға ұмтылдым. Бүгін ең үлкен жеңісім – елімнің атынан өнер көрсету құрметіне ие болғаным екенін түсіндім», – деп қорытындылады футболшы өзінің қоштасу жазбасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар