сейсенбі, 17 қараша, 2026 11:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жамбыл облысында 16 жылқыны ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 16 жылқыны ұрлап кеткен күдікті ұсталды
polisia.kz
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған. Ол өзіне тиесілі айғырға мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Нәтижесінде мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды мал-мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар