Сыйлықты қайтарып берген: мұғалімнің іс-әрекеті әдеп кеңесінде қаралатын болды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:15
- 52
Алматы облысы Іле ауданында сынып жетекшісінің Ұстаздар күніне ата-аналар берген сыйлықты кері қайтаруы дау туғызды. Оқиғадан кейін мұғалімнің әрекеті әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, оған тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Qaz365.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Оқиға Іле ауданы Көктерек ауылындағы №21 мектепте болған. Телеарна мәліметінше, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мерекеге орай сынып жетекшісіне гүл мен массаж қызметіне арналған сертификат сыйлаған. Алайда мұғалім сыйлықты қабылдамай, кері қайтарған.
Ата-аналардың бірінің айтуынша, ұстазға берілген сыйлық ұнамаған.
«Бірінші сыныпта оқитын қызымның мұғалімі сыйлықтарымызды қайтарып берді. Себебі ұстазымызға берген гүл мен массажға арналған сертификат ұнамай қалған. Енді ата-аналар қайтадан ақша жинап, мұғалімімізге сыйлықты ақшалай бергісі келеді. Оқығанымызға бар-жоғы бір ай болды», – дейді ата-ана.
Телеарна сюжетінде мұғалімнің өзін «педагог-сарапшы, магистрмін» деп таныстырып, мұндай сыйлық «деңгейіне сай емес» екенін айтқаны да баяндалады. Бұл сөз ата-аналардың наразылығын күшейткен.
Мұғалімге тәртіптік жаза қолданылды
Оқиға қоғам талқысына түскеннен кейін мәселе әдеп жөніндегі кеңесте қаралған. Жауапты орган өкілі мұғалімге заңнама талаптарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылғанын мәлімдеді.
«Қаралған мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес педагогке тиісті тәртіптік жаза қолданылды. Ата-ана тарапынан әлеуметтік желіге жарияланған жазбалар өшірілді», – делінген түсініктемеде.
Сюжетте тұрғындар да мұғалімнің әрекетін құптамайтынын айтқан. Олардың пікірінше, балалар мен ата-аналар шын көңілмен ұсынған гүлді немесе шағын сыйлықты кері қайтару дұрыс емес.
Ал зейнеттегі ұстаздар мектеп сыйлық бәсекесіне айналмауы керек екенін атап өтті. Олардың сөзінше, мұғалімге сыйлық беру ата-аналар үшін міндетке немесе артық шығынға айналмауға тиіс.
Телеарна мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігінің талаптары мектептегі педагогтерге сыйлық беруге қатысты шектеулерді қарастырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Астанада тағы бір көлік өртеніп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Мешітте ұстаз шәкірттерін ұрған: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
- авторОймақ
- 7 қазан, 2026






