Мешітте ұстаз шәкірттерін ұрған: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
- авторОймақ
- Бүгін, 06:44
- 51
Алматы облысында Қаскелең қаласындағы мешіт аумағында жасөспірімдерге қол көтеру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құзырлы органның мәліметінше, бұған әлеуметтік желіде оқытушының шәкірттеріне соққы жасап жатқаны бейнеленген видеоның таралуы себеп болған. Тексеру жұмыстары аталған оқиғаның 2 маусым күні болғанын көрсетті.
«Кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен қажетті іс жүргізу амалдары атқарылып жатыр. Тергеу барысы бақылауға алынды. Мұғалімнің әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», – делінген ведомство хабарламасында.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, бейнежазбадағы ер адам – Дүйсенхан Нұрберді мешіттегі оқытушы қызметінен босатылды. Ал зардап шеккен жасөспірімдердің ата-аналары полицияға ешқандай шағымы мен талабы жоқ екені туралы жазбаша арыз тапсырған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ойын-сауық орталығында екі әйелдің жанжалы төбелеске ұласқан
- авторОймақ
- 5 қазан, 2026






