Футболдан Аргентина құрамасы Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткен жолдастық кездесуде Бенинді 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл ойын Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси үшін ұлттық құрама сапындағы қоштасу матчы болды. 39 жастағы шабуылшы кездесуді негізгі құрамда бастап, ойын соңына дейін алаңда жүрді.
Кездесуде Месси үш голдың барлығына тікелей атсалысты. Алдымен 48-минутта оның пасынан кейін Николас Отаменди есеп ашты. 61-минутта Нико Пас Мессидің кезекті нәтижелі пасын голға айналдырды.
Ал 71-минутта Мессидің өзі пенальтиден гол соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
Кездесудің 10-минутында ойын Мессиге құрмет көрсету үшін уақытша тоқтатылды. Стадионға жиналған жанкүйерлер аргентиналық футболшыны қошеметпен шығарып салып, осы сәтте фейерверк атылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






