жұма, 27 қараша, 2026 18:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Санжар Боқаевқа қатысты cот үкімі шықты

Санжар Боқаевқа қатысты cот үкімі шықты
әлеуметтік желіден
Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматының Алмалы аудандық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты үкім шығарды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Боқаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Ал оның жиені Мадияр Қалменов алты жыл алты айға сотталды.

Бұған дейін, 26 қарашада өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал қорғаушылар оны толық ақтауды талап етті.

Санжар Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылды. Олардың қатарында алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату бар.

Айыптау тарапының нұсқасына сәйкес, Боқаев пен Қалменов автошеруге жұмсалатын шығындарды негізсіз арттырып, «ҚазТрансГаз» кәсіподағы бөлген 42 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

Қылмыстық істің басқа эпизодтары Үлкен Алматы өзенінің жағалауындағы гранит тақталарды әкетуге және Баум тоғайындағы ағаштарды кесуге қатысты болды. Прокуратура бұл әрекеттер әлеуметтік желілерге бейнеролик түсіру мақсатында ұйымдастырылған деп мәлімдеді.

Сот барысында қорғаушылар маңызды куәгерден жауап алуға рұқсат берілмеген соң судьяға қарсылық білдіріп, наразылық ретінде сот залынан шығып кеткен еді.

Еске салайық, Санжар Боқаев 18 наурызда Алматыда ұсталған болатын. Оған қатысты сот процесі 16 қазанда басталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар