жұма, 27 қараша, 2026 18:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Қазатомөнеркәсіптен» тағы бір топ-менеджер қызметінен кетті

«Қазатомөнеркәсіптен» тағы бір топ-менеджер қызметінен кетті
Фото: kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басшылық құрамында тағы да өзгеріс болды. 26 қарашада сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Сағындықовтың өтініші негізінде және корпоративтік рәсімдерге сәйкес компанияның директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

«Қазатомөнеркәсіп» қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған лауазымның функционалдық міндеттері ішкі рәсімдерге сәйкес компания басшылығы арасында қайта бөлінді», – делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, 25 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» тағы екі топ-менеджердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған еді. Бұл компанияның бірқатар қызметкерінің ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат тараған тұста болды.

Директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғужин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің басқарма мүшелері ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар