дүйсенбі, 16 қараша, 2026 19:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда тағы бір студент қаза тапты

Алматыда тағы бір студент қаза тапты
Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда Қаз-ҰУ-дың студенті  қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қайтыс болған жас жігіт университеттің География және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған. Оқу орнының әкімшілігі студенттің қазасын растап, оның отбасына көңіл айтты.

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаға студенттер арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Бірақ құқық қорғау органдары бұл мәліметті әзірге растаған жоқ.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталып, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Университет әкімшілігі тергеуге қажетті қолдау көрсетіп жатқанын және марқұмның отбасына материалдық әрі моральдық көмек берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл – соңғы он күн ішінде ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты тіркелген екінші жағдай. Бұған дейін, 6 қарашада, университеттің Журналистика факультетінде оқитын 18 жастағы студент қыз көз жұмған еді. Аталған дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта екі оқиғаның да мән-жайы тергеліп жатыр. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар