Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды.
Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін марқұм мен оның бұрынғы күйеуі арасында жанжал болған көрінеді. Болжам бойынша, ер адам қыздың жаңа қарым-қатынасына қарсы болған.
Полиция күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






