Қазақстандықтарға оқу курсын таңдауға жасанды интеллект көмектеседі
- авторОймақ
- 1 қараша, 2026
- 49
Жаңа функцияны «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ әзірлеген. Егер пайдаланушының Enbek.kz электрондық еңбек биржасында түйіндемесі болса, чат-бот ондағы білім, еңбек өтілі мен дағдылар туралы мәліметтерді талдап, қолайлы оқу нұсқаларын ұсынады.
Түйіндемесі жоқ азаматтар да қызметті пайдалана алады. Ол үшін кәсіби қызығушылығын және қандай дағдыны меңгергісі келетінін көрсету жеткілікті. Ұсынылған курстардың арасынан соңғы таңдауды пайдаланушының өзі жасайды.
Платформада 568 онлайн курс бар, олардың 60 пайыздан астамы тегін. Қызмет біліктілігін арттырғысы келетіндерге, қосымша дағды меңгеруді немесе кәсіби бағытын өзгертуді жоспарлағандарға арналған.
Курсты сәтті аяқтаған азаматтарға электрондық сертификат беріледі. Enbek.kz сайтында түйіндемесі бар пайдаланушылардың сертификаттары оған автоматты түрде енгізіледі. Жұмыс берушілер осы арқылы үміткердің қандай оқудан өткенін көре алады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






