Қазақстанда сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған 112-ден астам дәріні тіркеу басталды
- авторОймақ
- Бүгін, 15:44
- 50
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Жаңа тетік дәрілік препараттарды өндірушінің өтінімін күтпей-ақ, мемлекет бастамасымен тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор сатып алған, бірақ Қазақстанда тіркелмеген дәрілерді айналымға енгізу жұмыстары жеделдетіледі.
Министрліктің мәліметінше, бұл шара пациенттерге қажетті препараттардың тізімін кеңейтіп, оның ішінде ауыр және сирек кездесетін ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілерге қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, дәрілік заттарды тіркеу рәсімдері де оңтайландырылып жатыр. Атап айтқанда, халықаралық талаптарға сай келетін бірқатар препаратты тіркеу мерзімін екі жылдан 15 жұмыс күніне дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылған.
Осы өзгерістер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және пациенттердің қажетті емді уақытылы алуына жағдай жасауға бағытталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






