дүйсенбі, 5 қазан, 2026 14:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ресейден Қазақстанға қауіпті инфекцияның таралу қаупі бар ма: ДСМ не дейді?

Ресейден Қазақстанға қауіпті инфекцияның таралу қаупі бар ма: ДСМ не дейді?
фото: Hélène Rigny / Hans Lucas / AFP via Getty Images
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайдан кейін елімізде қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ведомство Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекция күдігіне байланысты көрші елдегі эпидемиологиялық ахуалды жіті бақылауда ұстап отыр.

Қазақстанда жағдай тұрақты, алдын алу мақсатында қажетті шаралар қабылданған.

"Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр.

Көліктің барлық түрінде дене қызуы көтерілген, ауру белгілері бар немесе аса қауіпті инфекцияға күдік тудырған адамдар анықталған жоқ.

Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанда таралу қаупі төмен деңгейде қалып отыр. Жағдайға баға беру және қабылданып жатқан шаралар ресми ақпараттың түсуіне қарай нақтыланады", - делінген хабарламада.

Министрлік қазақстандықтарға сапардан кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгініп, дәрігерге болған жері мен сапар күндері туралы хабарлау қажет екенін ескертті.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта ресейлік мамандар эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қорытынды диагноз әзірге ресми түрде расталған жоқ, ықтимал жұқтыру көзі мен мән-жайлары анықталуда.

Медициналық бақылауда 197 байланыста болған адам бар. Қолда бар мәліметтер бойынша, олардан ауру белгілері анықталған жоқ, зертханалық зерттеу нәтижелері теріс. Шелехов аудандық ауруханасында қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

ДСМ өкілдерінің хабарлауынша, жексенбі, 4 қазанда Роспотребнадзордың баспасөз қызметі Иркутск облысында, Иркутск қаласында және Шелеховта санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және оба ауруының жағдайлары анықталмағанын мәлімдеген.

Иркутск облысында 28 жастағы әйелдің қайтыс болу себебі этиологиясы анықталмаған пневмония ретінде сипатталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ресейдің Иркутск облысында обаға қарсы институттың қызметкері қайтыс болғаны, оның оба жұқтыруы мүмкін екені хабарланған еді. Болжам бойынша, марқұм диагностика үшін биоматериал жинау кезінде зертханада ішінде қауіпті бактериясы бар шыны түтікті абайсызда сындырып алған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар