сәрсенбі, 19 тамыз, 2026 15:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ХҚКО қызметкері қарт әйелді қағып кетті деген күдікке ілінді

ХҚКО қызметкері қарт әйелді қағып кетті деген күдікке ілінді
shutterstock
пат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Алматы облысында 77 жастағы әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен 26 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қызметтік автокөлікті Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкері басқарған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 2026 жылдың 11 тамызында сағат 20:00 шамасында Алматы – Шелек – Қорғас – Бәйсейіт автожолында болған. Kia Sorento маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 77 жастағы әйелді қағып кеткен. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар