сейсенбі, 5 мамыр, 2026 18:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Педагогтерді қорғаймыз": Аймағамбетов мұғалімдердің жауапкершілік аясы заңмен нақтыланатынын айтты

"Педагогтерді қорғаймыз": Аймағамбетов мұғалімдердің жауапкершілік аясы заңмен нақтыланатынын айтты
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов
Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтты.

Педагогтердің жауапкершілік аясын заңмен нақтылау ұсынылуда. Енді ұстаздар оқушылардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие үдерісі кезінде және өз қызметтік міндеттері шеңберінде ғана жауапты болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жаңа заң жобасы бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Соның ішінде педагогтердің жауапкершілік шегін айқындау мәселесі де бар. Аталған бастама Президенттің Тамыз кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

"Заң үш блоктан тұрады. Біріншісі – жауапкершілік мәселесі. Президент Тамыз кеңесінде ұстаздар оқушылардың қауіпсіздігі үшін тек оқу-тәрбие процесі және лауазымдық міндеттерін орындау аясында ғана жауапты болуы керек екенін атап өтіп, осыны заңнамалық тұрғыда реттеуді тапсырды. Бұл шын мәнінде үлкен мәселе. Былтыр елімізде резонанс тудырған бірнеше жағдай болды. Жазда кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқық бұзу әрекетіне барған, сондай-ақ келеңсіз оқиғаларға тап болған. Сол кезде олардың жанында мұғалімдер болмады. Педагогтер демалыста, үйлерінде болды, себебі каникул кезі еді, яғни жұмыс уақытынан тыс мерзім. Бірақ соған қарамастан, мектеп директорлары мен мұғалімдер жазаланды, тіпті жұмыстан шығаруға дейін барған. Әрине, бұл – әділетсіздік", – деді Асхат Аймағамбетов.

Осыған байланысты заңнамаға нақты түзетулер енгізіліп, педагогтердің жауапкершілік ауқымы айқындалмақ. Яғни енді ұстаздар тек оқу үдерісі барысында және өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде ғана жауапты болады.

"Жазғы демалыс, түнгі уақыт, демалыс күндері – ата-ананың жауапкершілігі. Енді ешқандай екіұдай түсінік болмауы тиіс, яғни педагогтерді осылай қорғаймыз", – деді депутат.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар