15 майдангер қалған: Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай көмек берілді
- авторОймақ
- Бүгін, 14:06
- 35
100 мың теңгеден 1353 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлға, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 2955 ардагер, сондай-ақ соғыс жылдарындағы жанқияр еңбегі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған 4713 тыл еңбеккері алды.
Сонымен қатар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден төлем берілді.
Төлем 2023 жылы 8 желтоқсандағы Алматы қаласы мәслихатының №73 шешімімен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Материалдық көмек Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тізімдері негізінде, өтінішсіз төленді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






