сейсенбі, 17 наурыз, 2026 11:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда Наурыз мейрамына орай қосымша ондаған рейс ашылады

Қазақстанда Наурыз мейрамына орай қосымша ондаған рейс ашылады
Фото: ашық дереккөз
Наурыз мейрамына орай қазақстандық әуекомпаниялар қосымша 160 рейс орындайды.

Ведомствоның мәліметінше, наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында қазақстандық әуекомпаниялар ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр.

Мысалы, Air Astana және FlyArystan 2026 жылғы 16-29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.

Сонымен қатар Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.

SCAT әуекомпаниясы 19-21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. Сондай-ақ 23-26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейстен қосылады.

"Қосымша рейстердің ашылуы ел ішінде қатынауды жеңілдетіп, азаматтардың мереке күнгі сапарларын жоспарлауына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға әуекомпанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар