сейсенбі, 17 наурыз, 2026 11:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды

Павлодарлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды
Policia.kz
Бұған дейін ол мұны жауапты органға хабарламаған.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уәкілетті органдарға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті. Алайда әйел бұл туралы көші-қон қызметіне немесе еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне айтпаған, деп хабарлайды. Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Шарбақты аудандық сотының шешімімен ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылып, еліміздің аумағынан шығарылды, сондай-ақ оған Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері өңірде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 5 азамат жауапкершілікке тартылған. Олардың екеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, елге кіруге тыйым салынды.

 "Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаты болып қала береді. Заң бұзған тұлғалар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар