сейсенбі, 2 желтоқсан, 2025 20:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодар облысының әкімі әпкесінің ұсталуына пікір білдірді

Павлодар облысының әкімі әпкесінің ұсталуына пікір білдірді
Фото: t.me/baspasozpvl
Желіде Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтың туған әпкесі мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға өңір басшысы пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Telegram-арнасы Kozachkow offside мәліметінше, «Павлодар облысының әкімінің әпкесін мас күйде рөлде ұстап, оған 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамау шарасы қолданылды».

Журналист бұл оқиғада екі маңызды жайтты атап өтті. Біріншіден, полиция қызметкерлері мен соттың дауысты фамилиядан қорықпай, өз жұмысын толық орындағаны. Оның пікірінше, патруль қызметкерлерін марапаттау керек.

Екіншіден, облыс әкімі өз туысының жазадан құтқаруға тырысқан жоқ, яғни кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділігін көрсетті.

Әпкенің ұсталғаны туралы ақпаратқа Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Threads желісінде пікір білдірді:

«Мені үлкен әпкемді әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты пікір білдіруді сұрап жатыр. Айта алатыным, біздің мемлекетіміз заң мен тәртіптің үстемдігін негізгі қағидаларының бірі ретінде таңдағандықтан, барлық азаматтар құқық алдында тең. Менің әпкем, отбасының басқа мүшелері сияқты, ерекше жағдай емес», — деп жазды Павлодар облысының әкімі.

Бұған дейін Асаин Байханов гардеробында қымбат брендтік заттар қалай пайда болғанын айтып берген.

Сондай-ақ ол Павлодардан Астанаға көшкен қыздың постына жауап берді. Қыз өз постында көп достарымен бірге Астанаға көшкенін айтқан, бірақ қазір достары туған жерге қайта оралып жатқанын жазған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар