сейсенбі, 2 желтоқсан, 2025 20:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада ерекше балаларды ерекше балалар туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Астанада ерекше балаларды ерекше балалар туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды
Фото: instagram.com/gulnara.blogger
Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды қорлағаны үшін блогер ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде блогердің ата-аналардың наразылығын туғызған видеосы тараған. Роликте ол мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуін «күнәмен», «рухани заңдармен» және «табиғаттың жазасымен» байланыстыруға тырысқан.

Кейіннен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ішкі істер министрлігіне блогердің сөздеріне құқықтық баға беруді сұрап жүгінді.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтылған видеожазбаны тарату дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – делінген хабарламада.

Полиция желіде қорлайтын контент тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мұндай әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Қазақстандықтардан жариялайтын материалдарға жауапкершілікпен қарау, өзге адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеу және қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтау талап етілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан шыққан блогер де дауға қалған болатын. Желіде тараған видеода ол есту қабілеті нашар жүргізушімен таксиде отырып, ән айтып, оны видеоға түсірген. Көпшілік бұл әрекетті қорлау деп бағалап, блогерді ерекше қажеттілігі бар адамға құрмет көрсетпеді деп айыптады. Полиция оны тауып, бөлімшеге жеткізіп, «құрметсіздік танытуы» бойынша профилактикалық әңгіме жүргізген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар