сәрсенбі, 3 желтоқсан, 2025 16:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Цифрлық теңгемен алғашқы несие берді

Цифрлық теңгемен алғашқы несие берді
Фото: "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры
«Даму» Қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғашқы несие берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жылдық тиімді мөлшерлемесі 12,6% болатын алғашқы жеңілдетілген несие берді. 

Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорнын салу, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды (мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жою) көздейді.

 

Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдады.

«Біз бұл жобаны тек бизнес үшін бастаған жоқпыз. Біз өзіміз мақтан тұтатын өнім – сапалы отандық сіңіргіш жасағымыз келеді. Бұл жануарлардың түбегін толтырғыш сорбент қана емес, бұл фермада, құрылыста, экологияда қолданылатын әмбебап шикізат. «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау –біздің бастапқы капиталымыз болды. Біз цифрлық теңгені технологиялық, жариялы және ұзақ мерзімді дамуға бағдарланған жаңа кезеңіміздің символы ретінде пайдаланамыз. Біз өзімізге артылған бұл сенімді нақты өзгерістерге айналдырғымыз келеді. Яғни елде жоғары стандартқа сай өнім пайда болып, біздің бизнесіміз тұрақты, жауапты өндірістің символына айналуы үшін еңбек етеміз», - дейді Виталий Кремберг.

 

Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары:

  • Онлайн рәсімдеу;
  • Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады;
  • Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды;
  • ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.
  • Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6%-бен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар.

Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді. Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы. 

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.

Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе www.damu.kz. сайты арқылы алуға да болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар