бейсенбі, 11 қыркүйек, 2025 16:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Беймәлім біреу көшеде әйел адамның алқасын жұрып, қашып кеткен

Беймәлім біреу көшеде әйел адамның алқасын жұрып, қашып кеткен
istockphoto.com
Жеделі-дестіру іс-шаралары арқасында күдікті қолға түсті.

Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын тонады деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға күндізгі уақытта болған. Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

–  Біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар