
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz .
1/4 финалда 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Оралбай Хорватия өкілі Лука Пратлячичпен кездесті. Бұл жекпе-жектің қорытындысында қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек Оралбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Айта кетейік, ол Азияның екі дүркін чемпионы (2022 және 2024 жылдары). Ал Ливерпульдегі турнир — Айбек үшін World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан тарихтағы алғашқы «ересектер арасындағы» әлем чемпионаты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.