сәрсенбі, 4 маусым, 2025 9:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақнәрмен бірге болған қыз видео мәлімдеме жасады

Ақнәрмен бірге болған қыз видео мәлімдеме жасады
Коллаж: Turkystan.kz
Ол Ақнәрмен бір курста оқыған.

Қайғылы жағдайда қаза тапқан Ақнәр Хамитпен сол күні пәтерде бірге болған екінші қыз – Рана әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ол Ақнәрмен де, Дидармен де КИМЭП-те танысқан екен. Ақнәрмен бір курста оқыған.

«Менің атым Рана. Жасым 21-де. Қазір КИМЭП университетінің 4-курс студентімін. Бұл видеоны түсіруімнің себебі – қазір көптеген хабарларда Ақнәр Гүлістанның өлімі туралы анасы мен және Дидар деген кісіні өлтірушілер деп айтып жатыр. Бұл шындыққа сай келмейтінін айтқым келеді. Біз танысқан кезде жасым он жетіден он сегізге толып жатқан. Ақнәрдің он тоғыздан жиырмаға қараған шағы болатын. Арамызда ешқандай келіспеушілік, жанжал болған жоқ. Басында достығымыз өте жақын болды. Туған күніме де шақырдым. Үш айдан кейін Ақнәр жігітпен жүріп бастайды. Ол бала да біздің университеттегі бала. Ол да Қытайдан келген. Қазір КИМЭП-те оқымайды.  2024 жылы мамырдың 20 күні менің анам жол апатынан қайтыс болды. Сол кездері мен қатты күйзелісте жүрдім. Сол үшін екі құрбым маған хабарласып келді. Көңіл сұрады. Анамның қырқын өткізгеннен кейін мен Алматыға қайтып келдім. Оқуымды жалғастырдым», - дейді ол.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні қыздар оған өздері хабарласқан.

«18 шілде күні Ақнәр өзі Дидарға хабарласқан, сосын екеуі маған хабарласқан. Жиналайық деді, сенің анаң үшін көңіл сұрайық деді. Екеуі мені Қытай мейрамханасына шақырды. Өте көп тамаққа тапсырыс бергендіктен, тамақ көп қалып қойды. Содан кейін бірге Дидардың үйінде жиналайық, көңіл көтерейік деп шештік. Ертесі күні, 2024 жылы кешкі сағат 20:40-та Ақнәр екеуміз Дидардың үйіне келдік.  Ақнәр алкоголь сатып алуды ұсынды. Біз де келістік оған. Стресс шығарып, көңіл-күйімізді көтерейік дедік. Сыра, шампан, кәрістің сусынына тапсырыс бердік. Сол кезде мен дәрі қабылдап жатырмын, аздап ішемін дедім. Тамақ іштік. Қыздар сыра ішті, мен ауырып жүрген соң аздап шампан іштім. Музыка қойып биледік, көңілді отырдық. Ақнәр жайлап ұйықтай бастады. Сол кезде біз одан телефон паролін айтшы, біз үйдегілеріңе хабарласайық дедік. Ол паролін берді. Біз үй ішіне хабарласқымыз келді. Сол кезде мен ол ішкеннен жылап, көңіл-күйі түскен шығар, ертең өзі үйіне қайтады дедім. Дидар екеуміз залда әңгіме айтып отырдық. Сол кезде Ақнәр атып тұрып, шыңғыра бастады. Екі көзі қып-қызыл. Мен шошып кеттім. Ақнәрге жүгіріп барып, не болды деп сұрадым. Ол мені шапалақпен ұрып, жерге құлатты. Оны көріп Дидар да барады. Ол Дидарды да шапалақпен ұрады. Өз-өзіне қол жұмсап бастағысы келгенін түсіндік. Екі жақтап жұбаттық. Қатты қимылдағысы келді, бізді ұрғысы келді, біз оны ұстадық. Ол маған «Сенің анаң тозақта» деді. Мен түсінбей қалдым. Әкемнің аты Асқар. Анамды, әкемді, сіңілімді, бүкіл отбасымды қарғай бастады. Мен «қате, қате» дедім. Оның боқтық сөздерін естігім келмеді, сосын аузын қолымен жауып отырдым. Сөздері көңіліме тиіп, жыладым. Ол сүре оқи бастады. Жын кірген сияқты ғой деп Дидар екеуміз таңғалдық. Сүрелерді не үшін оқып жатқанын да түсінбедік. Дидар тұрып, оның отбасына хабарласпақ болады. Сол кезде Ақнәр менің үстіме мініп алып, басымды жерге ұрады. Шапалақпен екі бетімнен ұрды, бетімнен тістеді. Сол кезде Дидар дәретханадан жүгіріп, «қасымыздағы бір қызды өлтірейін деп жатыр» деп ағасына аудио жібереді. Мен жүгіріп барып ас үйге қашып кіріп, есікті тіреп жауып алам. Сонда да есікті итеріп кіріп, менің шашымнан ұстап, жерге құлатты. Үстіме мініп алып, басымды соға бастады. Оны ұруға шамам жеткен жоқ. Екі бетімді, басымды қолыммен жауып отырдым. Бір кезде шапалақпен емес, жұдырықпен ұра бастады. Екі қолын ұстап алдым. Ол менің маңдайымды тістей бастады. «Құтқарыңдаршы» деп айғайладым. Ешкім естімеген соң Ақнәрге «Мені жіберші» деп жалына бастадым. Ол жіберген кезде екінші дәретханаға барып тығылдым. 3-5 минут өткенде Дидар келіп есік ашты. Екеуміз шығып ас үйді қарап, залды қарап Ақнәрді таппадық. Сол кезде полиция келді», - дейді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар