
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д.Хамзинге және осы департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, Хамзин Қазынашылық департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар оның Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырғаны анықталған.
Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды, - делінген мәліметте.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.