35-тен астам блогерді казино жарнамасына тартқан блогерге халықаралық іздеу жарияланды
Әлеуметтік желіде «Маха.dxb» атымен танылған блогер Махмуд Хикматов халықаралық іздеуге берілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Өзбекстан азаматы Қазақстанда заңсыз интернет-казиноларды жарнамалауға блогерлерді тартқан деген күдікке ілінген.


