Алматыда автобус санын қысқарту мәселесіне қатысты әкімдік түсініктеме берді
- авторОймақ
- Бүгін, 16:03
- 15
Zakon.kz хабарлауынша, Алматыдағы автобус парктері субсидия төлемдерінің кешігуіне байланысты қоғамдық көлік санын қысқартуы мүмкін. Қала әкімдігі берешекті өтеу мәселесі қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде қаралатынын мәлімдеді.
2026 жылғы 2 қарашада Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының атына жолданған хабарламада автобус парктері әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы үшін берілетін субсидиялардың жүйелі түрде кешіктіріліп жатқанын айтқан. Тасымалдаушылардың мәліметінше, бұл жағдай олардың қаржылық ахуалын қиындатып, жанармай, қосалқы бөлшектер мен басқа да қажетті ресурстарды жеткізушілер алдындағы қарыздың өсуіне әкелген.
Осыған байланысты автобус парктері субсидия бойынша берешек өтелмеген жағдайда, 2 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттарға шығатын автобустар санын жоспарланған көлемнің 30 пайызына дейін қысқартуға мәжбүр болатынын ескерткен.
Алматы қаласының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, тасымалдаушыларға тиесілі субсидиялардың қалған бөлігін төлеуден бас тарту көзделмеген. Мәселе қалалық бюджетті кезекті нақтылау кезінде қаралады.
Ведомство 2026 жылдың басынан бері бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында субсидиялау көлемін кезең-кезеңімен оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда, жолаушылар ағынына қарай кейбір автобус бағыттарының қозғалыс кестесі өзгертілген. Сонымен қатар маршрут желісіне, автобустардың жүктемесіне және нақты жолаушылар санына талдау жасалып жатыр. Жолақы төлемін бақылау мен жолаушылар есебінің дәлдігін арттыру үшін бірыңғай бақылау-қызметтік желіні енгізу жұмыстары да қолға алынған.
Әкімдік тасымалдаушыларға бекітілген жоспарға сәйкес автобустарды бағыттарға толық шығаруды қамтамасыз ету қажеттігі туралы ескерту жолдаған.
Еске салайық, бұған дейін, 28 қазанда Алматыда қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын. Жолаушылар аз болатын күндізгі уақытта автобустар саны қысқартылып, таңертеңгі және кешкі қарбалас сағаттарда олардың қозғалыс жиілігі арттырылмақ. Қала билігінің мәліметінше, қарбалас уақытта жолаушылардың 40 пайыздан астамы жолақы төлемейді. Бұл нақты жолаушылар ағынын анықтауды қиындатып отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қысқы азық пен ыстық бауырсақ: Астанада жылдың соңғы жәрмеңкесі өтті
- авторОймақ
- 2 қараша, 2026
Астана – Алматы бағытындағы пойыз билеттеріне 25% жеңілдік жарияланды
- авторОймақ
- 2 қараша, 2026





