дүйсенбі, 21 қыркүйек, 2026 14:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Машинист теміржолда жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап қалған

Машинист теміржолда жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап қалған
ҚТЖ
Баланың теміржолға қалай және не себепті жалғыз шыққаны туралы мәлімет берілген жоқ.

20 қыркүйекте жүк пойызының машинисі теміржол бойымен жалғыз келе жатқан төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатты. Оқиға Тауарасы – Айнабұлақ аралығында шамамен сағат 12:30-да болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Сарыөзек – Үштөбе бағытында келе жатқан жүк пойызы бұл кезде сағатына шамамен 38 шақырым жылдамдықпен жүрген. Машинист жол жиегінде ересектердің қарауынсыз Айнабұлақ станциясына қарай бет алған баланы көрген.

Ол пойыздың жылдамдығын біртіндеп азайтып, құрамды тоқтатқан. Кейін баланы локомотив кабинасына отырғызып, болған жағдайды пойыз қозғалысын басқаратын кезекшіге хабарлаған.

Жүк пойызы Айнабұлақ станциясына жеткен соң, төрт жасар бала станция кезекшісіне тапсырылды. Кезекші оның ата-анасымен байланысқан.

Баланың теміржолға қалай және не себепті жалғыз шыққаны туралы мәлімет берілген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар