«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді. Іле Алатауында және қаланың таулы аудандарында жел 17-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Алматы облысында да жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Сонымен қатар Астана мен бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Синоптиктер қатты жел, найзағай, бұршақ және тұман кезінде сақтық шараларын ұстануға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





