Түркістан облысында туған анасын өлтірді деген күдікті қамауға алынды
- авторОймақ
- Бүгін, 17:04
- 16
Түркістан облысының Түлкібас ауданында туған анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен 40 жас шамасындағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
"Отырар" телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға аудандағы ауылдардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам анасын өз үйінде пышақтаған. Әйел алған жарақатынан көз жұмған.
Бейресми деректерде күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны айтылады. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Түркістан облысының полиция департаменті оқиға болғанын растады.
Күдікті қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






