бейсенбі, 11 маусым, 2026 21:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Шымкент қаласы әкімін қабылдады

Президент Шымкент қаласы әкімін қабылдады
Ақорда
Әкім Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ғабит Сыздықбеков:

былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға ұлғайғанын айтты. Шымкент аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын иеленіп отыр.

2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз.

Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41 пайыздан 56 пайызға артты.

биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отырғаны жөнінде баяндады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсті. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.

Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған.

35 мың жанкүйер сыятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше мән берілуде.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

y

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар