Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 487,76 теңгені құрап, 0,8 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің 11 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 488,59 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 488,06 теңге, ал сату бағамы – 490,05 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 485 теңгеден сатып алынып, 492 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 487,95 теңгені, ал сату бағамы 489,93 теңгені құрайды.
Еске салсақ, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 25 мамырда доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге, 26 мамырда 4,84 теңгеге, 28 мамырда 7,54 теңгеге, 29 мамырда 0,51 теңгеге, 1 маусымда 2,45 теңгеге, 2 маусымда 3,59 теңгеге өсті. Ал 3 маусымда 3,44 теңгеге, 4 маусымда 3,47 теңгеге төмендеп, 5 маусымда 2,26 теңгеге қайта өсті. 8 маусымда 2,46 теңгеге төмендесе, 9 маусымда 5,12 теңгеге көтеріліп, 10 маусымда 1,24 теңгеге арзандады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






