бейсенбі, 11 маусым, 2026 14:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандықтардың несие жүктемесі 25 трлн теңгеге жеткен

Қазақстандықтардың несие жүктемесі 25 трлн теңгеге жеткен
istockphoto.com
Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Қазақстандықтардың несие жүктемесі артып келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының несие портфелі 25 триллион теңгеге жеткен. Оның үштен екісінен астамын тұтынушылық несиелер құрайды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – халықтың қарыз жүктемесін азайту және қаржылық белсенділігін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстарды Ұлттық экономика министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жүргізіп келеді.

«Халықтың несие жүктемесі мен тұтынушылық несиелердің өсуіне ерекше тоқталғым келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Оның үштен екісінен астамы – тұтынушылық несиелер, көлемі 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді», – деді Азамат Әмрин.

Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың барлық қаржы ұйымдары алдындағы өтелмеген берешегі 27,5 триллион теңгені құраған. Орта есеппен бір қарыз алушының мойнында 4,4 несие бар, ал екі және одан да көп несиесі бар борышкерлердің үлесі 76 пайызға жеткен.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар