бейсенбі, 11 маусым, 2026 13:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда ер адам жедел-жәрдем қызметкерлеріне пышақ алып жүгірген

Павлодарда ер адам жедел-жәрдем қызметкерлеріне пышақ алып жүгірген
Depositphotos
Оқыс оқиға 10 маусым күні Назарбаев даңғылының бойында болған.

Павлодар қаласында көшеде жатқан ер адам өзіне көмек көрсетпек болған жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оқыс оқиға 10 маусым күні Назарбаев даңғылының бойында болған. Өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды көріп, шұғыл түрде медициналық бригада шақыртқан.

Алайда медицина мамандары алғашқы көмек көрсетуге әрекеттенген сәтте, пациент кенеттен агрессия танытып, дәрігерлерге пышақпен тап берген. Шабуыл барысында ол жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін жарақаттап, реанимобиль салонының ішін қиратқан және ішіндегі қымбат бағалы медициналық препараттарды сындырған. Зардап шеккен медицина қызметкерлері бірден полиция шақырып, бұзақының үстінен арыз түсірді.

«Жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану немесе қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам бірден ұсталып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды», — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, кәсіби міндетін атқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Енді бұл заң бұзушылық бойынша күдікті қатаң жазаға тартылуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар