бейсенбі, 11 маусым, 2026 13:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраулық тұрғын алаяққа алданып қалған

Атыраулық тұрғын алаяққа алданып қалған
polisia.kz
Полицейдің білікті жұмысының арқасында азамат қаржылық шығынға ұшыраған жоқ.

Атырау қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы шетелде жұмысқа орналасуға ниеттеніп, алаяқтардың құрбаны болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

57 жастағы азамат Еуропа елдеріне жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыруға қызығушылық танытып, белгісіз тұлғалармен байланысқа шыққан. Кейін олар еңбек визасын рәсімдеу сылтауымен оның сеніміне кіріп, 660 мың теңге көлеміндегі қаражатын дропперлердің банк шоттарына аудартқан.

Атырау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұрбек Нұғмановтың жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде қаражаттың одан әрі аударылуына жол берілмей, жәбірленушінің 660 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражаты толық көлемде қайтарылды.

Полицейдің білікті жұмысының арқасында азамат қаржылық шығынға ұшыраған жоқ.

Құрметті тұрғындар! Әлеуметтік желілерде ұсынылатын күмәнді жұмысқа орналастыру қызметтеріне сенбеңіздер. Ақша аудармас бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіздер. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу "102" арнасына хабарласыңыздар.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар