жексенбі, 14 желтоқсан, 2025 23:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөз
Бірнеше облыс орталықтары мен өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" 2025 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ бірнеше облыс орталықтары мен өңірлерде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Петропавлда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Атырауда қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 14 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Көкшетауда күндіз көктайғақ күтіледі.

Жезқазғанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 14 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Ақтөбеде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 14 желтоқсанда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Оралда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында көктайғақ күтіледі. Қостанайда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 25 м/с. Қызылордада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар