жексенбі, 14 желтоқсан, 2025 23:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқтар Серіков Бейбітпен қалай танысқанын айтты

Тоқтар Серіков Бейбітпен қалай танысқанын айтты
Фото: instagram.com/ toktar_beibit
Әнші «Хабар» арнасындағы «КешRec» бағдарламасына сұхбат берді.

Әнші Тоқтар Серіков «Хабар» арнасындағы «КешRec» бағдарламасында жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«2000 жылы 10 қазанда «Нұр-Мұқасан» тобы концерт қойды. Ұлықпан Жолдасов екеуміз алдыңғы қатарда отырдық. Сол концертте Бейбітті алғаш рет көрдім. «Керемет әнші келіпті ғой, мына қызды тауып алу керек» дедім. Көп ұзамай, бір аптаның ішінде тауып алып, таныстым. Сөйтсем, қазақша дұрыс білмейтін орысшалау өскен қыз екен. Алдына кім келіп тұрғанын да біліп тұрған жоқ. Менің Тоқтар Серіков екенімді де менсініп тұрған жоқ. Бірақ қазақ өнеріне ерекше екпінмен келгені көрініп тұр. Алғашқыда аға боп бастадым. Бір-бірімізге тез бауыр басып кеттік», - дейді өнер иесі.

Тоқтар Серіков қыздың назарын аудару үшін апорт алмасын сыйлағанын атап өтті.

«Қазіргілер не беретінін білмеймін. Алма деген жемістің төресі ғой. Мен алманы арнайы сатып алып, Бейбіттің қолына ұстаттым. Маған рақмет айтып, ризашылығын білдірді. Бірақ алманы қандай оймен беріп тұрғанымды білмейді ғой. Сосын «ана бір қуыршақ бар ғой, соған ұқсайсың» дедім. Атын да білмейді екенмін. Борби деп едім, сылқылдап күлді. «Борби емес, Барби» деді. Ааа, дедім де, қойдым. Бірақ қыздың алдында алғаш рет ұялып қалдым», - деп түйіндеді әнші.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар