
Атырау қаласының кәсіпкері Дәулет Гарифолла құлпынай өсіреді. Ол су тасқыны қарапайым кәсіпкерлерге де қиындық туғызып тұрғанын айтты.
Оның құлпынай алқабы Жалғансай ауылы маңындағы 0,5 га жерде орналасқан. Алқап маңындағы жайылмалар Жайықтың суына толғандықтан, кәсіпкерлер егістік алқапқа қайықпен қатынап жүр.
– Біз осы көктемде құлпынай егіп едік. Бұл аумақты су басады деп ойлаған жоқпыз.Біздер күніне 2-3 мәрте құлпынай тасимыз. Атырау қаласына 60-100 кг егін әкеліп, өз сауда нүктелерімізде сатамыз, – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің айтуынша, құлпынай алқабына бөлінген жердің жалпы ауданы 50 га құрайды. Су тасқынына байланысты биыл тек 0,5 га жерге жеміс еккен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025