дүйсенбі, 9 қараша, 2026 17:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова қайтыс болды

Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова қайтыс болды
instagram/ zhazushylar_odagy
Қаралы хабарды жазушы Исмаилжан Иминов пен Қазақстан Жазушылар одағы таратты.

Белгілі қазақтілді ақын, айтыскер Надежда Лушникова 86 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды жазушы Исмаилжан Иминов пен Қазақстан Жазушылар одағы таратты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

"Бүгін қазақ әдебиетін сүйер қауым арасында көзі тірісінде-ақ есімі аңызға айналған бірегей тұлға, көрнекті ақын-импровизатор Надежда Лушникова 86 жасында дүниеден өтті", – деп жазды жазушы.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол қазақ тілінде білім алып, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. Еңбек жолында баспа редакторы, мектеп мұғалімі болып қызмет атқарып, "Елім менің" және "Көңіл хошы" атты жеке жыр жинақтарын жарыққа шығарған.

Қазақстан Жазушылар одағының мәліметінше, ақын айтыс өнерінде де үлкен жетістіктерге жеткен. Ол 1963 жылы Қызылордадағы облыстық айтыста жүлдегер атанып, шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен сөз қағыстыруы "Айтыс" фильміне арқау болған. Сондай-ақ ақын 1965-1979 жылдар аралығында Жамбыл аудандық және Алматы облыстық айтыстарында бірнеше рет жеңіске жеткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар