дүйсенбі, 2 қараша, 2026 12:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аз шығынмен мол өнім: Қазақстанда егіншілікті қалай өзгертпек?

Аз шығынмен мол өнім: Қазақстанда егіншілікті қалай өзгертпек?
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Егіннен мол өнім алу үшін жер көлемін ұлғайту жеткіліксіз. Сапалы тұқым, құнарлы топырақ, су мен жарамды техника қажет. Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстарға көңіл бөлініп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл диқандар 2,2 млн тонна тыңайтқыш енгізіп, элиталық тұқымдардың үлесін 12 пайызға жеткізген.

Сапалы тұқымның артықшылығы – өнімді мол беріп қана қоймай, қолайсыз табиғи жағдайларға да төзімді болуы. Биыл оның үлесін 11,6 пайызға жеткізу жоспарланған еді. Нәтиже бұл межеден жоғары болды.

Ал топырақтың құнарын сақтау үшін тыңайтқыш керек. Биыл енгізілген 2,2 млн тонна тыңайтқыш ғылыми есептелген қажеттіліктің 66 пайызын өтейді. Яғни бұл бағытта әлі де атқарылатын жұмыс бар. Алдағы уақытта тыңайтқышты көбірек қолданып, әр гектардан алынатын өнімді арттыру көзделіп отыр.

Шаруаларға қажетті техниканы жаңарту да жалғасуда. Биыл машина-трактор паркінің 7 пайызы жаңарған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 пайызға жеткізу жоспарланған.

Суды үнемдеу мәселесі де өзекті. Климат өзгеріп, су тапшылығы сезілген сайын егінге суды ысырапсыз жеткізетін технологияларға қажеттілік артып келеді. Сондықтан мұндай тәсілдерді кеңінен қолдануға көңіл бөлінбек.

Егістікте қандай дақыл өсетіні де маңызды. Табысы жоғары дақылдарды көбейту арқылы шаруалардың кірісін арттыру көзделген.

Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты – әр гектардан көбірек өнім алып, оны өсіруге кететін шығынды азайту. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін екі есеге арттыруға арналған 2024–2028 жылдардағы жол картасы осы міндеттерді қамтиды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар