Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.
Жерасты дүмпуінің қарқыны Нарынкөл ауылыда 2-3 балл, Кеген ауылында 2 баллды көрсетті.
“ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді ведомство.
Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану анықталмады, қазір аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.
Министрліктің мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген және жағдай тұрақты.
Бұған дейін 28 қыркүйек күні таңертең Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезіп, бұл туралы WhatsApp чаттарда жарыса жазған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, жер асты дүмпуі шамамен сағат 06:32-де болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






