жұма, 13 қараша, 2026 17:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қорғаныс министрлігіне қатысты 2024 жылғы бейнежазба қайта таралуда

Қорғаныс министрлігіне қатысты 2024 жылғы бейнежазба қайта таралуда
JAQ.Ortcom
Ант қабылдау кезінде сарбаздың басы айналған видео 2024 жылы түсірілген – JAQ.Ortcom

Әлеуметтік желіде әскери ант қабылдау кезінде сарбаздың басы айналып, өзін жайсыз сезінген сәті түсірілген видео қайта тарады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ.Ortcom) мәліметінше, оқиға 2024 жылы Аягөз гарнизонында болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қорғаныс министрлігінің сол кездегі түсініктемесіне сүйенсек, сарбаз қатты толқығандықтан өзін жайсыз сезінген. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілген, денсаулығына қауіп төнбеген.

JAQ.Ortcom мәліметінше, бейнежазбадағы сарбаз мерзімді әскери қызметін толық өтеп, кейін запасқа шығарылған.

Орталық архивтік видеоны оқиғаның қай кезде және қандай жағдайда болғанын көрсетпей жариялау жұртты жаңылыстыруы мүмкін екенін ескертті. JAQ блогерлер мен жаңалық парақшаларын мәліметті жарияламас бұрын тексеруге шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар