сенбі, 26 қыркүйек, 2026 14:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстау облысында кадрлық өзгерістер болды

Маңғыстау облысында кадрлық өзгерістер болды
Qaz365.kz коллажы
Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына жаңа әкімдер бекітілді.

Маңғыстау облысында бірқатар маңызды кадрлық тағайындаулар орын алды. Өңір әкімдігінде басшылық құрам жаңартылып, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына жаңа әкімдер бекітілді. Тиісті өкімдерге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент Әкімшілігінің келісімімен қол қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шешімге сәйкес, Ербол Ізбергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары және Ақтау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған. Ал облыс әкімінің орынбасары болып 2023–2026 жылдары Маңғыстау облысынан Сенат депутаты болған Бекбол Орынбасаров бекітілді.

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының әкімі болып бұған дейін Қарақия ауданын басқарған Сымбат Төретаев тағайындалды. Ал Ақтау қаласының әкімі қызметіне 34 жастағы Мақсат Мұқаш келді. Ол еңбек жолын дене шынықтыру мұғалімі және спорт жаттықтырушысы болып бастап, кейін облыстық спорт басқармасын басқарған, сондай-ақ Жаңаөзен әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Өңірдегі бұл кадрлық ауыс-түйістер Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін жарияланып отыр. Алайда әкімдік бұл тағайындауларды аталған оқиғамен байланыстырған жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар