Шымкент қаласы полиция департаменті әйелін ұрды деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oimaqnews.kz
Egov.Press Telegram-арнасы беті-аузы қан жоса болған әйелдің видеосын жариялады.
"Шымкентте ер адам жас әйелі балаларының көзінше ұрып-соққан. Оған қоса оның атынан несие алып, өзін өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы зардап шеккен келіншектің туысы хабарлады", - деп жазды паблик.
Аталған жарияланымға Шымкент қалалық ПД жауап берді.
"Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.
Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Нұрсұлтан Жақсыген желіде жазба жариялады
Ұқсас жаңалықтар
Астанада жоғары қабаттан құлаған келіншекке қатысты тың деректер пайда болды
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2026






