12 қыркүйек күні Косшы қаласының полициясына сауда үйінде мас күйінде жүрген және өзін әдепсіз ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның БҚО Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.
Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Астана жылу маусымына дайын
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дәрігерлер бес жастағы баланың саусағын қайта қалпына келтірді
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2026






