Қазақстан азаматтары Таиланд Корольдігіне кірген сәттен бастап елде 60 күннің орнына 30 күнге дейін ғана визасыз жүре алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.. сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тәртіпке сәйкес, енді екі ел үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің нормалары қолданылады.
«Қазақстан азаматтары Таиландта елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады. Бұл ретте болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс», – деп айтылған елшіліктің ресми хабарламасында.
Осы өзгерістерге байланысты Таиландқа сапар жоспарлаған қазақстандықтарға жаңа миграциялық режимді ескеру ұсынылады. Егер саяхат мерзімі 30 күннен асатын болса, азаматтар алдын ала тиісті виза рәсімдеуі қажет. Таиланд Министрлер кабинеті бекіткен бұл шешім 15 қыркүйекте күшіне енеді.
Айта кетейік, биылғы мамыр айында Таиландтың Сыртқы істер министрі Сихасак Фуангкеткеоу шетелдіктердің визасыз жүру мерзімін қысқарту жоспарын хабарлаған болатын. Ведомство басшысы бұл қадамды бақылауды күшейту және режимді заңсыз пайдаланудың алдын алу қажеттілігімен түсіндірді. Оның сөзінше, тиісті ұсыныс бұрынғы әкімшілік тұсында дайындалғанымен, елдегі сайлауға байланысты кейінге шегерілген еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қосшыда дүкен сатушысын боқтаған ер адам ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Непалдағы су тасқыны: тағы бір қазақстандық жоғалып кеткен болуы мүмкін
- авторОймақ
- 30 тамыз, 2026






