сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 14:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұнай бағасы 100 долларға таяп қалды

Мұнай бағасы 100 долларға таяп қалды
Getty Images
9 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 99 доллардан асып, 100 доллар межесіне жақындады.

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың қайта күшеюіне байланысты әлемдік мұнай бағасы шарықтап кетті. 9 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 99 доллардан асып, 100 доллар межесіне жақындады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Таңғы саудада Brent бағасы 1,4 пайызға өсіп, барреліне 99,33 долларға жетті. Ал АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 94,34 долларға дейін қымбаттады. Шикізат бағасы осымен төртінші сауда күні қатарынан өсім көрсетіп отыр.

Бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы соңғы соққылар себеп болды. Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының бірнеше қаласына шабуыл жасады. Сонымен қатар АҚШ күштері Иранның мұнай танкерлеріне соққы берсе, Иран тарапы Иорданиядағы АҚШ әскери базасын нысанаға алды.

Нарық сарапшылары бұл соғыс мұнай өндіру мен оны тасымалдауға үлкен кедергі келтіреді деп қауіптенеді. Әсіресе Парсы шығанағынан мұнай тасымалдайтын негізгі жол — Ормуз бұғазындағы жағдай жіті бақылауда. Осыған байланысты Сауд Арабиясы мұнай экспортының бір бөлігін балама бағыттарға ауыстыруға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Brent мұнайы тамыз айының басынан бері шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар Таяу Шығыстағы мұнай тасымалына қатысты шектеулер созыла берсе, бағаның одан әрі өсуі сақталатынын болжайды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар